Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, 1 адам көз жұмды

Жапонияның солтүстік-шығысында жер сілкінді. Зілзала қуаты 7,3 балға жеткен.

Табиғат апаты салдарынан 1 адам көз жұмды.Ол Фукусима префектурасының тұрғыны. Тағы 88 кісі жарақат алған. Елдің Метеорологиялық агенттігі цунами қаупі төніп тұр деп, тұрғындарға жағаға жақын бармауды ескертті. Мамандар әдетте 20 сантиметрден аспайтын толқындардың биіктігі 1 метрге жеткенін айтады. 100 жолаушысы бар жүрдек пойыз жолдан шығып кеткен, абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Бірнеше жол жабылды. Сондай-ақ бірнеше елді мекенде электр желісі үзіліп, 2 миллион 200 мыңдай үй жарықсыз қалған. Оның 700 мыңы ел астанасы Токиода.

Хирокадзу Мацуно, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы

- Зілзала аймағындағы "Онагава" және "Фукусима-2" атом электр станцияларына әзірге ешқандай зақым келмеді. "Фукусима-1" атом электр станциясының жағдайын әлі тексеріп жатырмыз. Тұрғындардан келесі аптаға дейін аса сақ болуды сұраймыз. Әдетте алғашқы жер сілкінісінен кейін зілзала тағы 2-3 күн қайталануы мүмкін.

Сондай-ақ...