Өзбекстанда 23 мың қыз-келіншек мемлекет есебінен білім алады

Оқу ақысы бюджет төлейді. Ел президентінің тапсырмасы бойынша оларды жоғарғы оқу орындарына келісімшарт бойынша қабылдап, экономикалық маңызды салалардағы қыз-келіншектер санын көбейту көзделіп отыр. Сонымен қатар, дизайнер, тігінші, айти-мамандар оқытылады. Бұдан бөлек, докторантурада білім алам дегендерге 300 мақсатты квота бөлінеді. Өзбекстандық бойжеткендер шетелге де бара алады. Яғни, енді жыл сайын 50 талапкер қалаған университетіне түсіп, мамандық меңгеріп қайтады.

Динара Тораева, ТМУ Бірлескен білім беру бағдарламалары үйлестірушісінің орынбасары:

- Әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан немесе жетім қалған 2100 қыз бала келісімшарт бойынша білім алады. Мемлекет ақысын төлеп тұрады. Кейін 7 жыл көлемінде қаржыны үстемақысыз қайтарады. Олар ғылым мен экономика салаларында жаңа мамандықтарды меңгереді. Сондай-ақ, келер жылы елде арнайы Қыздар университеті ашылады.