III Дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін бе?

"Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін бе? Оны ешкім білмейді".

Украина президенті америкалық "Эн-би-си" /NBC/телеарна жүргізушісінің сұрағына осылай деп жауап берді. Сондай-ақ Владимир Зеленский кезекті жолдауында Ресеймен келіссөздер барысында соғысты тоқтатуға, қауіпсіздік пен егемендік кепілдігіне ие болуға және жер тұтастығын қалпына келтіруге күш салып жатқанын айтты.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Ең алдымен айтарым, келіссөздер әлі жалғасуда. Бірақ өте ауыр әңгіме болып жатыр. Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетуі мүмкін бе? Оны ешкім білмейді.

В. Путин: Украинаның бейтарап мәртебесін талқылауға дайынбыз

Ал Владимир Путин "Ресей келіссөздер аясында Украинаның бейтарап мәртебесін талқылауға дайын" деп мәлімдеді. Сондай-ақ Кремль басшысы "әскери операцияның" жоспарға сай жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Қайталап айтамын, Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы әскери операцияны бастамағанда біз шекарамыздың дәл іргесінде НАТО-ның шабуылдаушы қаруларының тұрғанын көрер едік. Біздің барлық мақсатымыз орындалады. Біз Ресей мен оның халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етпекпіз. Біз Украинаны елімізге қарсы басқыншылық базасына айналдыруға ешқашан жол бермейміз. Ресей үшін, біздің болашағымыз үшін ең басты мәселе - бізге Украинаның бейтараптығы, қарусыздануы және ұлтшылдықтан арылғаны керек. Біз осы жайттарды келіссөздерде талқылауға дайынбыз.

Сондай-ақ...