Дельтакрон штамы анықталған елдердің қатары көбейді

Коронавирустың дельтакрон штамы анықталған елдердің қатары көбейді.

Соңғы дерек бойынша, Бразилияда тіркелген. Бұған дейін мутация АҚШ-та, сонымен қоса Франция, Дания және Нидерланд секілді Еуропаның бірнеше елінен табылған.

Айта кеткен жөн, "дельтакрон" бұл омикрон және дельта штамдарының комбинациясы. Алғаш рет биыл қаңтарда Кипрде анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша әзірге бұл мутацияға қатысты қолда бар мәлімет аз. Десе де, оны "алаңдаушылық тудыратын штамдардың" қатарына қосудың қажеті жоқ дейді.

Сондай-ақ...