Польша Украинаға НАТО миссиясын жіберуді ұсынды    

«Украинаға НАТО-ның гуманитарлық және бітімгерлік миссиясын жіберу керек». Польшаның Қорғаныс министрі осындай бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл ұсынысты Брюссельдегі жиында жасаған. Осы басқосуда айтылған ұсыныстар келесі аптада НАТО елдерінің үкімет басшылары кездесетін кезектен тыс саммитте қарастырылмақ. Мариуш Блащак Украинада бітімгерлік миссиясын құру жолдарын одақтастар алдында таныстырдым. Мұндай миссия мысалы Косовода бар. Рас, бұл оңай шаруа емес. Кеңінен талқылануы керек деді

НЕМІС КАНЦЛЕРІ В.ПУТИНГЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ   

Ал Германия канцлері Олаф Шольц «Ресей президентінен Украинадағы сұмдық соғысты дәл қазір тоқтатуды талап етемін» деп мәлімдеді.

Ол бұл туралы Берлинге келген финляндиялық әріптесі Санна Маринмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтты. Шын мәнісінде сұмдық соғыс болып жатыр. Оны дәл қазір тоқтату керек. «Өз тарапымнан Ресей президентінен соғысты тоқтатуды талап етемін. Украина халқы өз елінің егемендігін қорғап жатыр» – деді Олаф Шольц.