Ресейде үш блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды   

Ресейде 3 блогерге осы елдің әскері туралы Instagram мен басқа әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады. Олардың айтуынша, блогерлер Ресей қарулы күштерін арнайы әскери операция кезінде Украина қалаларын талқандады және азаматтарын өлтірді деген жалған ақпарат қолданған деп отыр, осы ақпаратты таратқаны үшін 15 жылға дейін түрмеде отыру жазасына кесіледі деді.