Германия Ресейдің мұнай-газынан тезірек бас тартуды көздейді

Бұл туралы Хабек Норвегияға сапары барысында мәлімдеді. Оның айтуынша Германия қазір осы мақсатта өзінде салынып жатқан сұйытылыған газға арналған қоймалар мен Еуропадағы резервуаларды Норвегия өнімімен толтыруға ниетті. Айта кетейік, Украианада қарулы қақтығыс басталғалы Ресейден кәрі құрлыққа газ тасымалдау қиындай түскен.

Роберт Хабек, Германия экономика министрі:

- Біз көп жыл бұрын ресей газы, мұнайы және көміріне жүгінуге шешім қабылдаған едік. Енді бұл қадамнан барынша тезірек бас тартпақпыз. Мұны мұнай мен көмірге қатысты жүзеге асыруға болады. Осы бағытта бірақатар ауқымды шаралар қолға алынып, біраз жетістікке де жеттік. Бірақ газға қатысты жағдай қиындау болып тұр. Сондықтан осы мәселені шешуде Еуропаға басты газ жеткізуші ел ретінде Норвегияның көмегіне жүгінбек ойдамыз.     

Қарулы қақтығыстың экономикалық салдарымен күрес

Ал Франция үкіметі Украинадағы қарулы қақтығыстың экономикалық салдарымен күресу үшін тұрғындар мен компанияларға жаңа көмек шараларын жариялады. Мысалы, билік бірлестіктердің газ бен электр энергиясына жұмсалатын шығынының жартысын өтеуді қолға алады. Ал электр көздеріне бағаның артуынан сыртқы нарықтардан айырылу қауіпі бар компанияларға салықтық жеңілдік қарасытырлған.