АҚШ-та азиялықтарды қорлауға қарсы акция өтті 

Нью-Йоркте азиялықтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерді айыптаған акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Таймс-Сквер» алаңына жүздеген адам жиналды. Белсенділер мінберге шығып, қалай қорлық көргенін айтты және басқаларды да үн қосуға шақырды. Шерушілердің алдында Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти ХОкул сөз сөйледі. Бұл акцияның қазір ұйымдастылуында үлкен сыр бар, дейді бастамашылар. Тура 1 жыл бұрын Атлантағы СПА-салонда атыс болып, 8 кісі бақилық болған еді. Алтауының тегі азиялық. 2020 жылы 3 мыңға жуық адам зорлық-зомбылық құрбаны болған. Ал былтыр бұл көрсеткіш 4 есе өскен.