АҚШ-та 13 жастағы бала жол апатын жасап, 9 адам қайтыс болды

АҚШ-та 13 жастағы бала жол апатын жасап, 9 адам қайтыс болды

АҚШ-тың Техас штатында 13 жастағы баланың көлік жүргізуінен ірі жол апаты болып, 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы екі жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға Техас штатының батысындағы Эндрюс округінде болды. Пикап көлігіне мінген жеткіншек жергілікті колледждің гольф ойыны құрамасының мүшелерін әкеле жатқан шағын автобусты соққан. Алдын ала тергеуге қарағанда жасөспірім көлігінің алдыңғы сол жақ дөңгелегі істемей, қарсы жолға шығып кеткен. Шағын автобустағы жолаушылармен бірге жеткіншектің өзі де тіл тартпай кеткен.