Перуде 36 млн жыл бұрын өмір сүрген динозавр көрсетілді

Перуде 36 миллион жыл бұрын өмір сүрген кит тәріздес динозавр көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қалдығы қазір тасқа айналған. Ежелгі қаңқа Лимадағы Табиғат тарихы мұражайына алғаш рет қойылды. Жануардың бас сүйегінің ғана ұзындығы 1 метр 35 сантиметрді құрайды. Ал жалпы тұрқы 13 метрге жетуі мүмкін дейді мамандар. Сондай-ақ палеонтологтардың айтуынша, жыртқыштың өткір тістері жақсы сақталған.

Марио Урбина, палеонтолог:

- Бұл қаңқа әлі көп зерттеле қойған жоқ. Іс енді басталып жатыр. Жалпы, мұндай қалдықтар әлемде өте сирек кездеседі. Біреуі Парижде екенін білемін.