Таиландқа келетін демалушылар ПТР-тесттен босатылады  

Таиландқа келетін демалушылар ПТР-тесттен босатылады   

Енді Таиландқа демалуға барған шетелдік туристер ұшаққа мінер алдында ПТР-тест тапсырмайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті ереже 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Сонымен қоса 2 аптадан кейін вакцина салдырмаған саяхатшылар үшін де ережелер жеңілдетіледі. Олар үшін карантин мерзімі 5 күнге дейін қысқарады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, биыл шілдеден бастап Таиландта коронавирусқа эндемиялық ауру мәртебесі берілуі мүмкін. Яғни сол кезде ковид-шектеулер толық алынуы тиіс.