Афинада фермерлер бағаның көтерілуіне наразы

Афинадағы фермерлердің жаппай наразылығы. Тұрғындар қолдарына көкөніс пен қара жалауша ұстап көшеге шықты, деп хабарлайды  «Хабар 24».

Ел астанасына көптеген демонстранттар тракторлармен келді. Сондықтан шерушілер жанар-жағармай мен азық-түлік бағасының өсуіне үкіметтің назарын аударуға тырысты.

Айта кетейік, ақпан айында Грекияда инфляция 6,3%-ға жетті, ал еуроаймақтағы орташа есеппен ол 5,9%-ға тоқтады.

Ол кезде жергілікті билік кірісі төмен кәсіпорындарды қолдауға миллиард доллардан астам қаржы бөлгенімен, алайда ауыл шаруашылығы саласына субсидия тиген жоқ.

Диаманто Критику, «Аминтеу» фермерлік тобының жетекшісі:

 – Жағдай адам төзгісіз болып кетті. Тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай сатып алуға шамамыз жоқ. Украинадағы қақтығысқа байланысты біздің елде дағдарыс басталды. Билік шаруаларды қаржылай қолдауы керек деп есептеймін. Ең сорақысы елде өндіріс тоқтайды. Жақын арада жағдай тұрақталады деп бәріміз үміттенеміз.

Сондай-ақ...