Еурокомиссия: Украинаға аштық қаупі төніп тұр

Украина халқы азық-түліктен тарығып қалуым мүмкін. Еуропалық комиссия өкілдерді осылай дабыл қағып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, елдегі гуманитарлық дағдарыс сыни межеге жеткен. Олар, әсіресе, Мариупольдегі ахуалға алаңдаулы. Комиссия өкілдері қазірдің өзінде қала халқы аштықтың зардабын тартып отыр дейді. Өйткені куәгерлердің айтуынша, дүкенде сөрелер бос тұр. Гумнитарлық көмек жеткізу жағы да қиындаған.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Украинадағы шиеленіске байланысты Африка елдеріне ашаршылық қаупі төніп тұрғаны туралы хабарланған еді. Өйткені құрлықтың солтүстігіндегі мемлекеттер Украина мен Ресейде өсірілетін астықтың импортына тәуелді.