АҚШ-тағы автошоуда бір адам қаза тапты

Арканзас штатының Думас қаласындағы автошоуда атыс болып, 10 адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24» Риа Новостиге сілтеме жасап.

Атыс Думадағы автошоу кезінде болған. Арканзас штатының полициясы 10 адамның жараланғанын растады.

Олардың айтуынша, зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Оқиға орнында тергеу жалғасуда.

Әзірге атыстың шығуына не себеп болғаны белгісіз.