Ливерпуль маңындағы орман отқа оранды

Ливерпуль маңындағы орман отқа оранды

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында орман отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жаудан аймақты қою қара түтін басқан. Болжам бойынша от шамамен 1 гектар жерді шарпыған. Жергілікті билік от қасақана қойылған деп топшылайды. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Зардап шеккендер мен адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.