АҚШ пен Қытай басшылары не үшін кездесті?

АҚШ Президенті Джо Байден мен Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпин онлайн форматтағы екі жақты кездесу өткізді.

Екі сағатқа созылған конференцияның басты тақырыбы Украина мәселесі. Президент Байден қытайлық әріптесіне АҚШ пен оның одақтас мемлекеттері Ресейге қарсы қандай жаза қолданғанын еске салды дейді Ақ үйдің ресми өкілі.

Оның айтуынша, Қытай тарапы ресейліктерге материалдық жәрдем көрсететін болса оның салдары ауыр болмақ деп ескертілді. Және алда-жалда Қытай тарапы ресейліктерге көмектесетін болса Батыс пен Қытайдың арасына өшпес сызат түсетіні анық.

Мамандардың айтуынша, Украинадағы қазіргі жағдайда Қытай тарапы шешуші роль атқаруы мүмкін.

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

- Бұл мәселе бізді толғандырады. Бірақ Қытайдың алдағы шешімін АҚШ ғана емес, барлық әлем бақылайды. Және Қытай кімнің жағында екендігін анықтап, өз позициясын көрсетуі керек. Қытай тарих бетінде қандай болып қалатындарын ойлауы қажет. Бұл Президент Си мен Қытайдың еншісіндегі шешім.