BMW мен Volkswagen зауыттары жұмысын тоқтатты

BMW мен Volkswagen Еуропадағы зауыттарының жұмысын тоқтатты.

Оған Украинадан әкелінетін бөлшектердің жеткізілмеуі себеп болған.

Бұл туралы Financial Times газеті хабарлады.

Аталған басылым келтірген мәліметке сәйкес, көлік құрастыруға қажетті электркабельдің шамамен бестен бір бөлігі Украинада дайындалады екен. Осындай қиындықтарға байланысты Volkswagen тығырықтан шығудың жолын іздеп жатыр.