Украинадағы әскери қимылдың басталғанына бір айға жуықтады

Украина қалалары қақтығыстан әлі бас көтерген жоқ. Үй мен үйінді астында қалып қойған қарттар мен бала-шаға санында есеп жоқ. Біріккен Ұлттар ұйымының ресми дерегі бойынша жүзден астам бүлдіршін жан тапсырды, жараланғандар мыңға жуық. Осы елдегі тілшіміз Аида Қыдырбай қазір босқындардың жай-күйін біліп, ақпарат беруді жалғастырып жүр. Осы аптада Қызыл крест ұйымының еріктілері және Украина босқындарымен сұхбаттасты.

Аида Қыдырбай, тілші: 

- Украина жеріндегі әскери қақтығыстың басталғанына бір айға жуықтады. БҰҰ мәліметі бойынша жүзден астам бүлдіршін жан тапсырды. Жараланған, жолда атылып өлген, үй мен үйінді астында қалған украиналықтардың санында есеп жоқ.

Львов қаласында балақайлардың бос арбалары қойылған қарсылық акциясы өтті . Пентагон Ресейден Украина жеріне мыңнан астам ракетаның тасталғанын айтады. Украина қорғаныс министрлігі 14 мыңға жуық ресей әскерінің жойылғанын мәлімдеді. 500 ге жуық танктың күл талқаны шыққан. Киев аспаны арқылы қаланы қатты атқылау әсіресе соңғы үш тәулікте үдей түсті. Бейбіт өмірде өзім тұрған Лукянвск станциясы мен Подол өңіріндегі тұрғын үйлер өртке оранды. ОХмадет емханасы үнемі атқылау астында, дертті балақайларды емдеу жер астында жалғасып жатыр. 

Украинаның бүгінге күнге дейін батысы шығыс пен солтүстік өңірге қарағанда тыныш еді. Алайда ракета Ивано-Франковск пен Львов маңындағы әуежайға тап түсті. Салдарынан бүгін Украинаның барлық аумағы аумалы төкпелі заманды бастан кешіріп тұр. Әсіре Киев, Буча, Мариуполь, Ирпень, Чернигов, Харьков, Житомир, Изюм қалалары жалпы Луганск, Донецк, Николаев және Сумск өңіріндегі қатты ұрыс бір сағатқа да тоқтаған жоқ. жер астында тығылып, су мен жарыққа мұқтаж жандардың саны жүз мыңға жуықтайды.

Анна, босқын:

- Бұл сұмдық. біз 23-іне не боларын білмедік. Таңертең маған құрбым хабарласты, артынша біз Бориспольдегі жарылыстың дүмпуін естідік. 

Бұл видео Испанияның Барселона қаласында түсірілген. анна отқа оранған харьковтан Польшаға баласымен әзер қашып шыққан. Қасындағы босқындар Украинаның әр қаласынан. 

- Міне біз Киев, Чернигов, Харьков, Одесса мен Луганскіден келдік. 

Польша, Болгария, Румыния, Венгрия, Молдова, Испания, Чехия, Италия мен ИСпания- Украинаның миллиондаған босқындары шекараға аса жақын еуропаның осы елдеріне бас сауғалауға мәжбүр. 

18 бен алпысқа дейінгі ер Украина азаматтарына елден шығуға рұқсат жоқ. Испанияның Мадрид пен Барселонасы Украинадан ағыла бастаған босқындарды халықаралық "Қызыл крест" Қозғалысы негізінде қабылдап, жатын үй және тамақпен қамтамасыз етуді қарқынды жалғастыруда. 

Аида Қыдырбай