Бангладеште жүк кемесі бортында ондаған адамы бар паромға соғылды

Салдарынан кеме су астына кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Дакка қаласының маңында болған. Әзірге 6 адамның қаза болғаны белгілі. Ал паромда нақты қанша адам отырғаны беймәлім. Кейбір жолаушылар өз күштерімен жағажайға жетіп аман қалған. Апаттан із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Олардың нақты саны анықталуда.

Коммодор Голам Садек, Бангладештің көлік басқармасының өкілі:

- Су астына кеткен 6 адамның денесі табылды. Шамамен 15-20 жолаушы жағажайға жетіп аман қалған. Тағы 20-ға жуығы кемеде қамалып қалуы мүмкін. Олардың нақты саны көлікті сыртқа шығарғаннан кейін белгілі болады.