Жаңа Зеландия Киевке 3,5 млн АҚШ долларын бөлмек

Бұл туралы «Хабар 24» осы елдің премьер-министрі Джансинда Ардерн хабарлады.

Айтуынша, қаржы қару-жарақ сатып алу үшін жұмсалатын болады. Бұдан бөлек, Украинаға қорғаныш снарядтар да жөнелтілетін болды.

Айта кетейік, Жаңа Зеландия бұған дейін Ресейге қарсы бірқатар санкциялардың тізімін мақұлдап, украиналықтар үшін виза ұсынған болатын.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландияның премьер-министрі:

- Біз Украинаға көмек көрсету мақсатында қосымша 3,5 млн АҚШ долларын бөлмекпіз. Аймақта атыс-шабыс әлі де жалғасып жатыр. Қазір елге жанармай, азық-түлік пен дәрі-дәрмек ауадай қажет. Украинаның қарулы күштеріне де қолдау көрсетеміз деп шештік. Аймаққа бронды кеудешелер, әскери дулыға мен өзге де қажетті заттар жөнелтіледі.