Қытайда «Боинг» акциялары құлдырады

«Боинг» акциялары 7,8 процентке құнын жоғалтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бір акция 179 доллар. Бұған америкалық компанияға тиесілі әуе кемесінің Қытайда апатқа ұшырауы себеп. «Боинг 737» ұшағы кеше елдің оңтүстігіндегі таулы аймақта құлаған. Әуе кемесінде 9 экипаж мүшесі мен 123 жолаушы болған. «Шығыс Қытай әуе желілері» компаниясына тиесілі лайнер Куньминнен шығып, Гуанчжоуға бағыт алған екен. Оқиға орнына 23 көлік пен 117 өрт сөндіру қызметкері жіберілген. Қазір іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. Тағы 538 құтқарушы аттанады деген хабар тараған. Құлаған әуе кемесінің ұшып жүргеніне 7 жылдай болған. Апат себебі әзірге белгісіз. Соны анықтау үшін 6 тергеу тобы құрылған.