Жаңа Зеландияда қайық апатынан төрт адам ажал құшты    

Жаңа Зеландияның солтүстік жағалауында балықшылар қайығы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы біреуі із-түссіз жоғалып кеткен. Ресми ақпарат бойынша ұзындығы 17 метрге жететін қайықта 10 кісі болған. Қалған 5-уін құтқарушылар тікұшақпен көтеріп әкеткен.

Ник Бөрт, құтқару қызметінің үйлестірушісі:

– Іздеу-құтқару операциясына 3 тікұшақ тартылды. Найзағай ойнап, ауа райы қолайсыз болып, ұшуға кедергі де келтірді. Алдын ала ақпарат бойынша қайық суға батқан. Апат себебі анықталып жатыр.