Өзбекстан үш жылға жарамды IT виза енгізуді жоспарлап отыр

1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Өзбекстанның IT-паркі мәлімдеген. IT виза жеке тұлғаларға үш жылға дейін беріледі. Аталған визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады, сонымен қатар Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алуға құқылы. Одан бөлек, үй сатып алған жағдайда олар Өзбекстанда тұруға ықтиярхат алады. Виза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді. IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады. Отбасы мүшелеріне қонақ визасы беріледі.