Жаңа Зеландияда карантиндік шектеулер алынады

Ел билігі ковид шектеулерінің көбін алып тастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңілдетілген жаңа ережелер 4 сәуірде күшіне енеді. Сол күннен бастап дүкен, мейрамханалар мен шарапханаларға кіру үшін вакцина куәлігі мен QR-код талап етілмейді. Полицейлер мен мұғалімдерге екпе алу міндеттелмейді. Бірақ бұл талап қарттарға, шекарашылар мен түрме қызметкерлеріне қарайтын дәрігерлер мен мамандарға сақталады. Сондай-ақ жабық ғимараттар мен қоғамдық көлік ішінде бетперде тағып жүру керек.