Renault Ресейдегі қызметін тоқтатады

Renault компаниясы Мәскеудегі зауытының жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бірлестік өз сайтында жариялады. Мәлімдемеде компания «Автоваздағы» үлесіне қатысты мәселені қарастырып жатқаны да айтылған. Қазір бұл ресейлік алпауыттың 68 процент акциясы осы француз бірлестігінің, қалған 32 проценті «Ростехтың» қолында. Бірақ француз бірлестігі «Автоваздың» 45 мың қызметкерінің жағдайына жауапкершілікпен қарайтынын айтып отыр.