Брюссельдегі НАТО саммитіне Байденнің өзі қатысады

АҚШ пен НАТО Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдауы мүмкін.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді. Бүгін Брюссельде кезектен тыс саммиит басталуы тиіс. Айта кетерлігі, бұл кездесу офлайн өтеді. Оған Байденнің өзі қатысады деп күтілуде. Осының алдында, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина президенті Владимир Зеленский альянс басшыларына үндеу жолдайтынын айтты.