Украинадан бір күнде 3300 адам эвакуацияланды

Украинадағы соғыс жүріп жатқан аймақтардан бір тәулікте 3343 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық 7 гуманитарлық дәліз арқылы шыққан. Бұл туралы Украина вице-премьері Ирина Верещук хабарлады. Оның айтуынша эвакуацияланғандардың көбі Мариуполь тұрғындары. Шаһардан 2717 адам кетті. Интернаттағы 35 жетім бала да қаладан шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресей әскері қоршаған Мариуполь мен Николаев қалаларына әлі күнге дейін дәрі-дәрмек жеткізу мүмкін емес екенін айтады. Таяуда аймаққа жөнелтілген гуманитарлық жүк діттеген жеріне жете алмаған.