Әскердің жүріс-тұрысы туралы ақпарат таратқандар сотталады – Украина

Жоғарғы Рада Украина Қарулы күштерінің жүріс-тұрысы туралы ақпарат таратуды қылмыс деп танитын заң қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Қылмыстық кодекске арнайы бап енгізілді. Жаңа заң бойынша украин сарбаздарының орналасқан жерін жариялаған айыптылар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сондай-ақ бұдан былай әскерді сыртынан заңсыз фотоға немесе бейнетаспаға түсіруге болмайды.