Зеленский НАТО-дан тағы да әскери көмек сұрады

Президент Владимир Зеленский кеше НАТО саммитіне қатысушыларға үндеу жолдап, Украинаға тағы да жан-жақты әскери қолдау білдіруін сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина Ресей әскерімен бір айға жуық соғысып келе жатқанын атап өткен Зеленский Солтүстік Альянсты қазіргіден де көбірек қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар Ресейдің соғыста Украинамен шектелмейтінін де қаперге салды.  

Владимир Зеленский, Украина Президенті:

– Украина әскері Ресеймен тең болмаса да бір айдан бері соғысып келеді. Біздің халқымыз бен қалаларымызды қорғау үшін Украинға жан-жақты әскери көмек қажет. Ешқандай шекктеусіз. Өйткені Ресей қолында бар барлық қаруын қолданып жатыр.