Австралия мен Жапония Ресейге жаңа санкция тізімін жария етті

Австралия мен Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар тізімін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы екі елдің де билік өкілдері хабарлады. Жапония билігі Ресейдегі 80 компания мен 25 ресейлік азаматқа қатысты шектеу енгізген. Олардың арасында президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий ПескОв пен оның отбасы мүшелері бар. Осылайша Жапония салған санкциялар тізімі 101 есімге және 130 ұйымға дейін толықты. Ал, Австралия тарапының хабарлауынша, шектеулерге жалған ақпарат тарататын 22 ресейлік насихаттаушы іліккен. Жалпы Австралия билігі Украинадағы шиеленіс басталғалы Ресейге қатысты 500-ге жуық санкция қабылдады.

 

Сондай-ақ...