Вашингтонда қаруға қарсы наразылық шарасы өтті

Бір мыңнан астам белсенді қара қаптарға оранып, жерде сұлап жатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша олар кісі өлімі мен зорлық-зомбылыққа әкелетін қару-жараққа заңмен тыйым салуды талап етті. Бұл елде қару ұстау әр азаматтың конституциялық құқығы болып бекітілген. Бірақ АҚШ-та күнде атыс болып, адамдар ажал құшып жатады. Әсіресе, пандемия басталғалы оқ ату оқиғалары көбейген. Америкалық сарапшылардың есебінше, 2020 жылы адамды атып өлтіру көрсеткіші алдыңғы жылдарға қарағанда 40, ал былтыр 45 процентке өскен.