Макронның Мариупольде несі бар?

Франция президенті Эммануэль Макрон Түркия және Грекиямен бірге Мариуполь тұрғындарын эвакуациялау бойынша гуманитарлық операция өткізуге ниетті.

Бұл туралы ол Еуроодақ саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Макронның айтуынша, ол бұл мәселені жақын арада Ресей басшысы Владимир Путинмен талқыға салмақ. Айта кетейін, қазір Мариуполь қаласындағы гуманитарлық жағдай өте күрделі. Шаһарда су да, жарық та жоқ. Көптеген үй қирап қалған.

 Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Қазір менің бар ойым үлкен  қайғы-қасіретті бастан кешіп жатқан Мариуполь тұрғындарында. Осыған байланысты біз кеше гуманитарлық операция бастау туралы шешім қабылдадық. Оны алдағы сағаттарда Ресей президентімен талқылаймын. Түркия және Грекия елдерімен бірлесе отырып, біз Мариуполь қаласынан кеткісі келетіндердің бәрін эвакуацияламақпыз.