АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтуге үндеді

Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту керек. АҚШ елшісі жуырда Қауіпсіздік кеңесінде осындай үндеу тастады.

Бұған Солтүстік Кореяның жаңа құрлықаралық зымыран атуы түрткі болды. Ал Вашингтон мұндай әрекет «Ким Чен Ын режимі тарапынан жасалып отырған арандатушылық» деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейін, өткен аптада Солтүстік Корея Жапон немесе Шығыс теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырған еді. Кейін Ким Чен Ын «бұл Пхеньянның АҚШ-қа төтеп беруге әзір болуы үшін жасалған дайындық шарасы» деп түсіндірді. Айта кетейік, Солтүстік Корея 2017 жылдан бері алғаш рет құрлықаралық баллистикалық зымыранды толықтай сынақтан өткізді.

Линда Томас-Гринфилд, Ақш-тың БҰҰ-дағы елшісі:

- Зымыран ұшыру халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіреді. Мұндай әрекетке дереу жауап беру керек. Солтүстік Кореяға жасалған мейірімділік саясаты мен санкцияларды жеңілдету бастамалары ел басшылығының билігіне өзгеріс әкелген жоқ. Сондықтан санкцияларды жеңілдетудің орнына олардың орындалуын қамтамасыз етудің уақыты келді.

Сондай-ақ...