Кения билігі COVID-19 бойынша шектеулерді алып тастайды

Енді қоғамдық орындарда қорғаныс маскаларын кию міндетті емес және ПТР-сынағынан өту де барлығынан бірдей талап етілмейді.

Мысалы, вакцина алған туристерге ұшар алдында ПТР-тест тапсыру қажет емес. Алайда екпе алмаған саяхатшыларда Кенияға кетерден 72 сағат бұрын ПТР сынағының теріс нәтижесі болуы міндетті. Сондай-ақ Кенияға барған кезде 30 доллар тұратын жедел антиген тестінен өтуі керек. Оң нәтиже болған жағдайда 50 долларға ПТР-тестінен өтуі міндеттеледі. Айта кетейік, соңғы ескертулер вакцина алмағандарға ғана қатысты. Ал тестілеуден бес жасқа дейінгі балалар босатылды.