Варшавада Украинаны қолдау жиыны өтті 

АҚШ президенті Джо Байденнің Польшаға сапарына арналған ауқымды акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғындар мен осы елдегі украиналықтар: «Уәде жеткілікті, енді іс-әрекет қажет», – деп ұрандады. Алаңға жиналғандар Украинаны қару-жарақпен, әсіресе, елдің әуе кеңістігін қорғау үшін зымыран жүйелерімен дереу қамтамасыз етуді талап етті. Сондай-ақ алаңдағы мыңдаған адам бір мезетте сырт киімін жамылып, жерге жатты. Осылайша олар қорғансыздың күйін кешкен украиналықтарға әлем болып көмектесуге шақырды.

Айта кетейік, акцияда Украинаның әнұраны да шырқалды.