Сеулде 25 қабатты үй өртінен екі адам қаза тапты

Сеул орталығында көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнында бір әйелдің мәйіті табылып, 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Yonhap агенттігі.

Жергілікті полиция мәліметінше, Тондэмун ауданындағы 25 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан түнгі сағат 00:34 шамасында өрт шығып, салдарынан сол қабаттағы жас шамасы 40-тардағы ер адам қаза тапты.

Үйдің шамамен 72 тұрғыны өздігінен немесе құтқарушылар көмегімен эвакуацияланды. Иіс тиген төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Қызыл жалынмен күреске 72 арнайы қызметкер мен 20 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылған.

Өрт екі сағатқа жуық уақыт ішінде сөндірілді.

Болжамға сәйкес, өрт жетінші қабаттағы пәтерден шығып, ол толығымен жанып, жалыны көрші және жоғарғы қабаттағы пәтерлерге тараған.