Зеленский Батыстан қару сұрады

Украина президенті  Владимир Зеленский батыс елдерінен әскери техника беруді талап етті.

Бірнеше мемлекет танктер мен ұшақтарға қарсы зымырандар және атқыш қаруды жеткізуге уәде берген. Алайда Зеленский Киевке танктер, ұшақтар мен кемелерге қарсы зымырандар қажет дейді. Шығыс Еуропа елдері, атап айтқанда, Польшада бар Кеңес Одағы шығарған ұшақтар әлі күнге дейін Украинаға табысталмағанына өкінішіні білдірді. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Егер серіктестеріміз Украинаға ұшақ пен танк беріп көмектеспесе, Ресей әскері көршілес және бауырлас Польша, Словакия, Венгрия, Румыния мен Балтық елдеріне қауіп төндіреді. Бұл елдердің шекарасы мен қалаларына әскери қауіп төнеді. Серіктестеріміздің бізге көмектесетін мүмкіндігі бар.