РФ қорғаныс министрлігі: әскер қатарына шақыру туралы ақпарат жалған

Ресей қорғаныс министрлігі «азаматтарын әскери комиссариаттарға шақыртып отырғаны туралы хабар жалған» дейді.

Игорь Конашенков, Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі: 

- Бұл Украина арнайы қызметтерінің арандатуы. Ресей қорғаныс министрлігі запастағы азаматтарды әскери комиссариаттарға шақыртпайды және ондай жоспары жоқ екенін ресми түрде мәлімдеймін.