Колорадо штатында орман өртенді

Колорадо штатында орман өртенді

АҚШ-тың Колорадо штатында орман өртенді. Осыған байланысты 19 мың адамға қауіпсіз жерге көшу жөнінде нұсқау берілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт АҚШ-тың атмосфераны зерттеу орталығына жақындап қалған. Күшті жел жағдайды одан сайын қиындатып отыр. Яғни қызыл жалын аз уақыттың іщінде 50 гектар жерге тарап үлгірді. Билік өкілдері өртті толық сөндіруге бірнеше тәулік керек екенін айтады.