Израиль премьер-министрі коронавирусқа шалдықты

Израиль премьер-министрі коронавирусқа шалдықты
РИА Новости

Израилья премьер-министрі Нафтали Беннет енді өз міндеттерін үйінде отырып атқаратын болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Риа-новостиге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Нафтали Беннеттің денсаулығы қалыпты, үйде отырып жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Айта кетейік, соңғы күндері елде болған лаңкестік әрекеттерге байланысты жедел кеңес дүйсенбіге жоспарланған.

Израиль полициясының хабарлауынша, атыс жексенбі күні Хадерада болған, екі белгісіз адам полицияға оқ жаудырған. Салдарынан екі адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған.