Сальвадорда төтенше жағдай жарияланды

Сальвадор президенті Найиб Букеленің ел аумағында төтенше жағдай жариялау ұсынысын қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қылмыстық топтардың әрекетіне байланысты қабылданып отырған шара. Полицияның мәліметінше, өткен аптада қылмыскерлер 62 адамды өлтірген. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы Сальвадор әлем бойынша қылмыстық деңгейі жоғары елдердің бірі саналады. АҚШ-тың 42 штаты мен Латын Америкасының бірқатар мемлекетінде әрекет ететін сальвадорлық  Эм-Эс-13 ұйымдасқан қылмыстық топ өз жауыздығымен белгілі. Мексикалық наркокартельдермен тығыз байланысты бұл топ негізінен есірткі саудасымен айналысады.