Оскар-2022 жеңімпаздары анықталды

Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығы үздіктерін анықтау рәсімінде «CODA:саңырау ата-ананың баласы» атты картина «Жылдың үздік фильмі» номинациясына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эмилия Джонс фильмде 17 жастағы Рубидің ролін сомдаған. Глостер қаласында өмір сүрген ол отбасындағы ести алатын жалғыз адам болды. Лента – АҚШ, Франция мен канадалық кинематографистердің бірлескен еңбегі. Айта кетейік, Эмилия Джонс үздік бейімделген сценарий сыйлығын да иеленді. 

«Үздік әйел рөлі» номинациясына «Тэмми Фэйдің көздері» фильмінде ойнаған Джессика Честейн лайықты атанды. Кинолента өмірде болған шынайы оқиға негізінде түсірілген. Телеевангелист-үгіттеуші ерлі зайыпты бастапқыда өзінің бағдарламасын жүргізетін. Кейін Жерсерік арнаның басшысы болады. Фильмнің премьерасы былтыр қыркүйек айында өтті.

Джессика Честейн, актриса:

– Өкінішке қарай, жек көрушілік пен өшпенділіктің салдарынан әлемде қылмыс пен зомбылық болады. Оның зардабын тартқан жазықсыз жандарды мәңгі есімізде сақтап қалуымыз керек. Осы орайда мен сомдаған Тэммидің тағдыры мен үшін ерекше. Оның өмірге, махаббатқа деген құштарлығы мені таң қалдырады.

Салтанатты іс-шара дауға айналған сәтпен де есте қалды.

Уилл Смит комедия актері Крис Роктың әзілін көтере алмағаны көпшілікті таң қалдырды. Крис Рок оның әйелінің шаш үлгісіне қатысты қалжың айтқан еді. Кейін белгілі болғандай Смиттің әйелі аутоиммундық дертке ұшыраған екен. Десе де өзінің бұл әрекеті үшін артынша Уилл Смит  дүйім жұрттың алдында кешірім сұрады.

Уилл Смит «Король Ричард» фильміндегі еңбегі үшін «Үздік ер рөлі» номинациясын иеленді. Бұл картинада атақты америкалық теннисші Винус пен Серена Уильямстардың әкесінің өмірі жайлы баяндалған. Актер үшін бұл Оскардағы үшінші номинациясы және бірінші жеңісі болды.

Уилл Смит, актер:

– Винус пен Серена теннисші қыздарға және Уильямстардың отбасына алғыс айтқым келеді. Өз тарихын маған сеніп тапсырғандары үшін рақмет! Сонымен қатар академия алдында, әріптестерімнің алында сабырсыздық танытқаным үшін кешірім сұраймын. Мен жүлдеге бола жылап жатқаным жоқ. Осы жүлдеге қатысы бар адамдардың барлығына ризамын.

Авторлары: Арайлым Жақсылыққызы, Анэль Едилькызы