Украина келіссөзшілері уланған болуы мүмкін – Wall Street Journal

Санкцияға ұшыраған ресейлік миллиардер Роман Абрамович пен украиналық бейбіт келіссөзшілер осы айдың басында Киевте өткен кездесуден кейін уланған болуы мүмкін.

Бұл туралы "Уолл Стрит Джорнал" ((Wall Street Journal))  хабарлады.

Американдық басылымның мәліметінше, Абрамович пен келіссөз тобының 2 мүшесінен улану белгілері табылған. "Рейтер" агенттігі де аталған күдіктің расталып отырғанын айтады. Осының алдында Ресей мен Украина арасын бітістіру үшін келіссөз үдерісіне Абрамович те қосылған болатын.

Дмитрий Кулеба, Украина сыртқы істер министрі:

- Ресей Федерациясымен келіссөздерге баратын кез келген адамға ештеңе жемеуге және ішпеуге кеңес беремін. Және бетке қолды тигізе бермеген жөн. Екіншіден, мұндай әңгіменің бәрі біреудің естіген сөздерге негізделіп жатыр, кейбір дереккөздері сенсация іздеуге құмар. Келіссөздер ең алдымен гуманитарлық бағытты көздейді, ең үлкен міндет оқ атуды тоқтату. Украина президентінің біздің делегацияға жүктеген нақты тапсырмасы - біз халықтың мүддесіне, жеріміз бен егемендігімізге опасыздық жасамаймыз. Бұл мәселелер келіссөздер барысында мүлде талқыланбайды.