Ресей делегациясы келіссөз үшін Ыстамбұлға барды

Ресей тарапы Украина өкілдерімен келіссөздердің кезекті кезеңін өткізу үшін Ыстамбұлға барды.

Делегацияны Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский басқарып отыр.

Ал украиналықтар кейінірек ұшып баруы тиіс.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесу Долмабахче сарайында өтеді және БАҚ өкілдері үшін жабық болады. Басқосу Нұр-Сұлтан уақытымен түскі бірде басталуы тиіс. Тараптар бұған дейін Беларусьте бірнеше рет кездескен. Сондай-ақ қос мемлекеттің сыртқы істер министрлері Түркияның Анталия қаласында жолыққан болатын. Одан кейінгі кездесулер бейнебайланыс форматында өтті.