Ердоған Украина және Ресей делегацияларымен кездеседі

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Ыстамбұлда өтетін келіссөздер алдында Украина және Ресей делегацияларымен кездеседі.

Бұл туралы ол үкімет отырысынан кейін арнайы мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, екі тарап келіссөздерінің келесі кезеңі бүгін басталуы тиіс. Бастапқы 3 раунд Беларусьте өткен болатын. 

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Ресей және Украина делегацияларының оқ атуды тоқтату туралы келіссөздері ойдағыдай өтеді деп сенемін. Алдын ала кездесу ұйымдастыруды ойластырып отырмыз. Путин мырзамен және Зеленский мырзамен телефон арқылы жүргізілген келіссөздер дұрыс бағытта жалғасып жатыр.