С.Шойгу: Операцияның бірінші кезеңінің міндеттері орындалды

С.Шойгу: Операцияның бірінші кезеңінің міндеттері орындалды

Ресей де өз ақпаратын жариялап жатыр. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін Украина әскеріне айтарлықтай шығын келтірілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі істен шығарылған. Ал әскери теңіз күштері толығымен жойылған көрінеді.

Сергей Шойгу, РФ қорғаныс министрі:

– Жалпы алғанда, операцияның бірінші кезеңінің негізгі міндеттері орындалды. Украинаның Қарулы Күштерінің жауынгерлік әлеуеті едәуір төмендеді. Бұл бар күш-жігерді Донбассты босатуға жұмсауға мүмкіндік береді әрі біздің басты мақсатымыз.