Қытайда алғашқы гибридті зымыран сәтті ұшырылды

Ғарыш кемесі қатты сұйық отынмен қозғалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол аспанды және жер байлығын зерттеуге арналған 2 жерсерігін орбитаға алып шықты. Бұл туралы аэроғарыш ғылымы мен техникасы корпорацияның өкілдері хабарлады. Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан Тайюань космодромынан көтерілген зымыранның ұзындығы 50 метрге жетеді және 4 үдеткішпен жасақталған.