loader

АҚШ-та сот-тергеусіз адамды жазалау қылмыс деп танылды

АҚШ-та сот-тергеусіз адамды жазалау қылмыс деп танылды

АҚШ Президенті айрықша заңға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа құжат бойынша қоғамдық тәртіп бұзды деген күдікпен жек көру сезімінің жетегіне ілесіп, ешқандай сот-тергеусіз адам өлтіру қылмыс деп танылды. Джо Байден жазалаудың бұл түрін «террорлық әрекет» деп бағалады. Жаңа заң Эммет Тиллдің есімімен аталады. Афроамерикалық баланы 14 жасында ақ нәсілді келіншекке қырындады деген желеумен еш дәлелсіз көзін ойып, азаптап өлтірген. Бүкіл Америка қоғамын дүрліктерген бұл оқиға 1955 жылы болған.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Сот-тергеусіз өз бетімен жазалау нағыз террорлық әрекетке жатады. Бұл өтірік жалаға негізделген зұлымдық. Азаматтық құқықтарды қорғауға қайшы іс-әрекет.

Сондай-ақ...