Австралияда тасқыннан мыңдаған адам эвакуацияланды

Австралияның шығыс жағалауы су тасқынынан зардап шекті.

Аймақта бөгет жарылып, өзендер арнасынан тасып кеткен. Салдарынан жолдар мен көпірлер топан су астында қалды. Ондаған мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Ақпарат көздері, әсіресе, Лисмор мен Байрон-Бей қалаларындағы жағдай қиын екенін хабарлайды. Су жолдағы көліктерді шайып әкеткен. Қазір қауіпті өңірлерден халық эвакуацияланып жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер мен адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.