Индонезияда азық-түлік бағасы қымбаттап кетті

Бүкіл мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы алдында азық-түлік қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индонезия тұрғындары бұған назары. Жергілікті жұрт әсіресе сиыр еті, бұрыш пен сұйық майдың бағасы көтерілгенін айтады. Ал сарапшылар мұның бірнеше себебі барын атады. Біріншіден мұнай бағасының өсуі, сондай-ақ пальма майының тапшылығы. Енді өнім қымбаттаған соң базарға келетін адам аяғы да сиреген.

– Ет сатып алуға келіп жатқан адам аз. Өйткені бағалар қымбаттап кетті. Тек еттікі ғана емес, басқа да азық-түліктің де құны шарықтап тұр. Бағалар өткен айдан бері өсіп жатыр.

Мысыр тұрғындары да Рамазан алдында тауық еті, сұйық май, жаңғақ пен кептірілген жемістің қымбаттап кеткенін айтады. Жалпы ресми статистика бойынша 103 миллионға жуық тұрғыны бар бұл елде халықтың үштен бірі кедей.